weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Еліміздегі ең ұзын көпірде 100-ден астам камера қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Көпір тәулігіне 80 мыңға дейін автомобиль өткізе алады

Еліміздегі ең ұзын көпірде 100-ден астам камера қауіпсіздікті қамтамасыз етпек
Фото: ашық дереккөзден

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпірде 100-ден астам камера қауіпсіздікті қамтамасыз етеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көпір халық игілігіне берілген соң, алғашқы тәулік ішінде көпір үстімен 1,5 мың көлік жүріп өтті.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тәулік бойы бақылау үшін нысан бойында 102 камера орнатылды. Оның 62-сі нысанның үстіңгі жағында, ал қалған 40 камера көпір астындағы аумақта орнатылған. Сонымен қатар, мұздың жылжуы кезінде көпір тіректеріне зақым келтірмеу үшін нысанда 40 мұзкескіш қондырғы жұмыс істейді, - делінген ақпаратта.

Көпір стратегиялық маңызы бар нысандардың қатарына жатады. Сол себепті көпірдің екі жағында тәулік бойы полиция бекеттері жұмыс істейді. Нысанға уақтылы техникалық қызмет көрсету үшін бақылау пункттері де қарастырылды.

Көпір тәулігіне 80 мыңға дейін автомобиль өткізе алады, өткелге дейін 18 шақырым жаңа жол салынды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→