weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі ұлғаяды

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу шеңберінде 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі ұлғаятынын хабарлады.

Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі ұлғаяды
Newsroom.kz

Оның айтуынша, қазіргі күні жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес 1 студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері 437 мың теңгені құраса, енді ол орта есеппен 912 мың теңгені құрайтын болады.

«Жаңа қаржыландыру нормативі негізгі және ынталандыру бөліктерінен тұрады, бұл ретте ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі. Қаржыландырудың жаңа жүйесі бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материал-техникалық құралдармен жабдықтауға және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді», — деп түсіндірді Ғани Бейсебаев.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→