weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
4 ақпан, 2025 / Арайна Арайқызы / Қаржы
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

14-16 ақпан аралығында Kaspi Juma өтеді

Көктем жақындап қалды! Демек, алда наурыздағы мерекелер және сәнқойлар, спортшылар, бағбандар және жылы мезгілді ұнататын барлық жандар үшін жаңа маусым басталады

14-16 ақпан аралығында Kaspi Juma өтеді
Matrik Press

Барлығы өзін және жақындарын сыйлықпен қуантуы үшін Kaspi.kz бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесін қайта өткізеді. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды 

Бәріне ұнайтын Kaspi Жұма 14, 15 және 16 ақпанда өтеді. Сатып алушылар Kaspi.kz серіктестерінен тиімді бағаға, жеңілдікпен, бонус берілетін алуан түрлі тауар сатып ала алады.

Көктемгі келбетіңізді жасап, көңіл-күйіңізді көтеру үшін киім, әшекейлер мен аксессуарлар, иіссу, косметика сатып алыңыз! 
Сондай-ақ күнделікті өмірдегі жайлылық үшін – тұрмыстық техника, электроника, үйге, автомобильге қажет тауарларды және басқа да жүз мыңдаған пайдалы тауарды ала-аласыз. 

Мерекеге Adidas, ADILI, Alser, EuroMebel, EVRIKA, Казахювелир, Kari, KIMEX, Комфорт, Мечта, MonAmie, Nike, Pandora, RESPECT, Tommy Hilfiger, Calvin Klein, Diesel, Sman, Sulpak, Technodom, Zeta, 1Fit сияқты және тағы да басқа танымал брендтер мен дүкендер қайта қатысады.

Kaspi Жұма — бұл тек сатып алушылар үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы көптеген шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін де мереке. Небәрі үш күннің ішінде көптеген кәсіпкерлер бір айлық мөлшерінде табыс тауып, бизнесін дамытады, жаңа жұмыс орындарын ашады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→