weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Шекара аруы – 2025» фотобайқауының жеңімпазы белгілі болды

8 наурыз қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі алғаш рет әскери қызметшілер арасында «Шекара аруы – 2025» фотобайқауын өткізді. Instagram желісіндегі «shekaraknb» ведомстволық парақшасында дауыс беру қорытындысы бойынша аға сержант Н.Т. Төлеуханова фотобайқау жеңімпазы атанды,- деп хабарлайды newsroom.kz

«Шекара аруы – 2025» фотобайқауының жеңімпазы белгілі болды

Астанада ҰҚК Шекара қызметінің орталық аппаратында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты шара барысында байқау қорытындысы жарияланды.

Сұлулық байқауына еліміздің барлық аймақтарынан барлығы 22 үміткер қатысты.

Үшінші орынды 825 977 лайк жинаған Қостанай облысының әскери қызметшісі кіші сержант Ж.М. Есентемирова иеленді.

Екінші орынды 952 032 ұпай жинаған Жамбыл облысының әскери қызметшісі кіші сержант Г.Ү. Искакова жеңіп алды.

«Шекара аруы – 2025» фотобайқауының жеңімпазы болып 1 064 486 лайк жинаған Алматы қаласынан сынға түскен аға сержант Н.Т. Төлеуханова танылды.

Жеңімпазды анықтау үшін ҰҚК Шекара қызметінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында дауыс беру жарияланған болатын, онда әрбір оқырман өзінің сүйікті әскери қызметшісіне өз дауысын бере алады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→