weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
15 наурыз, 2025 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алмасадам Сәтқалиев Ядролық энергетика агенттігін басқара ма?

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев кеше Президент құрылуы туралы мәлімдеген жаңа Ядролық энергетика агенттігінің басшысы болуы мүмкін,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Алмасадам Сәтқалиев Ядролық энергетика агенттігін басқара ма?
Фото: Massaget.kz

Сәтқалиевтің орнына "QazaqGaz" ұлттық компаниясының басшысы Санжар Жәркешов Энергетика министрі қызметіне келеді деп болжануда.

Алмасадам Сәтқалиев  қазақстандық саяси қайраткер, экономист, 2023 жылғы сәуірден Энергетика министрі. 2021–2023 жылдары аралығында ол Самұрық-Қазынатөрағасы болды.

Өз мансабын ол 1992 жылғы тамызда «ТаССат» ЖШС директоры ретінде бастады.

• 1997-2001 жылдары «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының менеджері, департамент бастығы, басқарушы директоры, вице-президенті болып жұмыс істеді.

• 2001-2006 жылдары «KEGOC» АҚ қаржы директоры, вице-президенті, бірінші вице-президенті болды.

• 2006-2007 жылдары «KEGOC» АҚ бойынша топ жетекшісі, «Самұрық» АҚ электро-энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры болып жұмыс істеді.

• 2007-2011 жылдары «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ тұңғыш вице-президенті, президенті, басқарма төрағасы, президенті болды.

• 2011-2012 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.

• 2012-2018 жылдары — «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы.

• 2018-2021 жылдары «KazEnergy» ЗТБ төрағасының орынбасары, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару бойынша басқарушы директоры қызметтерін атқарды.

• 2021 жылғы наурыздан 2023 жылғы сәуірге дейін — «Самұрық-Энерго» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы.

• 2023 жылдың 4 сәуірінен бері — Қазақстан Республикасының энергетика министрі.

Сондай-ақ, Санжар Жаркешов 2022 жылғы наурыздан бастап «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.

• 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі

• 2020-2022 жылдары Украинаның «Нафтогаз» КЕАҚ барлау және кен орындарын игеру бөлімінің бастығы.

Әлемнің 17 мемлекетінде жұмыс істеген 11 жылдық халықаралық, өндірістік және басқарушылық тәжірибесі бар.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→