weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Трамптың рейтингі 43%-ға дейін төмендеді – қайта оралғаннан бергі антирекорд

АҚШ президенті Дональд Трамптың жұмысына деген халықтың қолдауы 43%-ға дейін төмендеді, бұл оның Ақ үйге қайта оралғаннан бергі ең төменгі көрсеткіші, деп хабарлайды newsroom.kz. Бұл туралы Reuters агенттігі мен IPSOS компаниясы жүргізген сауалнама нәтижелері көрсетті. 

Трамптың рейтингі 43%-ға дейін төмендеді – қайта оралғаннан бергі антирекорд
Фото: Brian Snyder / Reuters

Рейтингтің төмендеуі:

  • Сауалнама 3 күн бойы жүргізіліп, 2 сәуірде аяқталған.
  •  21-23 наурыздағы зерттеумен салыстырғанда рейтинг 2 пайыздық пунктке төмендеген.
  • Қаңтар айынан бері қолдау деңгейі 4 пайыздық пунктке азайған.

Трамптың қолдау рейтингі тарихында:

  •  Ең жоғары көрсеткіш – 49% (қаңтар 2017, алғашқы инаугурациядан кейін).
  •  Ең төменгі көрсеткіш – 33% (желтоқсан 2017).

Неге рейтинг төмендеді?
Сауалнамаға қатысушылардың пікірінше, экономика және өмір сүру құнының жоғары болуымен күрес саласында Трамптың саясаты сәтсіз шыққан:

  •  Трамптың экономикалық саясатын – 37% ғана қолдайды.
  • Жоғары бағаға қарсы шараларын – 30% ғана құптаған.
  • Президент енгізген шетелдік көліктер мен қосалқы бөлшектерге салынған тарифтерді 52% американдық өз отбасына зиян тигізеді деп есептейді.

Тағы бір үлкен дау Трамп әкімшілігіндегі шенеуніктердің АҚШ-тың әскери жоспарларын Signal мессенджерінде талқылағаны туралы ақпараттың таралуы болды.

  •  74% бұл әрекетті (ойланбай жасалған қадам) деп бағаласа,
  •  22% "еш зияны жоқ" деп санайды,
  •  5% жауап беруге қиналған.

Десе де, Трамптың қазіргі қолдау деңгейі оның алғашқы президенттік мерзімінің көп бөлігіндегі көрсеткішінен жоғары. Салыстырар болсақ, оның алдындағы президент Джо Байденнің рейтингі 2024 жылғы сайлау алдында небәрі 35% болған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→