weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ербол Мырзабосынов Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының басшылық құрамына енді

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының басшылық құрамына енді. Бұл туралы  Санкт-Петербург қаласында өткен «Дәстүрлі спорт түрлерін қайта жаңғырту» атты VII Этноспорт форумы барысында Конфедерация президенті Біләл Ердоған ресми түрде мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Ербол Мырзабосынов Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының басшылық құрамына енді

Оның айтуынша, Қазақстан ұлттық спортты жүйелі түрде дамытып келе жатқан жетекші елдердің бірі ретінде халықаралық қауымдастықта үлкен сенімге ие.

 Форумға 75 елден делегаттар мен сарапшылар қатысты. Басқосу аясында дәстүрлі спорт түрлерін дамытуға арналған тақырыптық сессиялар, пікірталастар және стратегиялық кездесулер өтті.

Біләл Ердоған: «Қазақстан этноспортты жаңғыртуда үлгі боларлық қадамдар жасап келеді. Бұл тәжірибенің халықаралық маңызы зор. Министр Ербол Мырзабосыновтың басшылық құрамға енуі – осы сенімнің дәлелі», – деп атап өтті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→