weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шавкат Рахмоновтың жары жол апатына түсті: екі адам көз жұмды

UFC ұйымының танымал спортшысы Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова Жамбыл облысында жол апатына ұшырады. Оқиға 22 шілде күні таңертең, Алматы – Екатеринбург тас жолының 296-шақырымында, Ақсүйек ауылы маңында болды.

Шавкат Рахмоновтың жары жол апатына түсті: екі адам көз жұмды
Фото: Halyqstan

Алдын ала мәлімет бойынша, Гүлайым Рахмонова тізгіндеген Toyota Land Cruiser көлігі аударылып кеткен. Көлікте спортшының әйелімен бірге оның ұлы және бірнеше жолаушы болған.

Апат салдарынан екі жолаушы көз жұмды:
– 39 жастағы азаматша оқиға орнында жан тапсырған;
– 35 жастағы тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізіліп бара жатқанда қайтыс болған.

Гүлайым Рахмонова мен оның 2022 жылы туған ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізіліп, травматология бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалауда.

«Ота қажет емес. Жағдайы тұрақты, дәрігерлер бақылауында», – деді аурухана өкілдері.

Полиция аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі — «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жол ережесін бұзу» бойынша тергеу бастағанын хабарлады. Қосымша мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты әзірге жарияланбайды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→