weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қос қаржылық соққы: Зайнутдиновтің ауысуы бір де бір клубқа пайда әкелмеді

Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтың бұрынғы клубы — Ресейдің ЦСКА командасы оның «Бешікташтан» Мәскеудің «Динамосына» ауысуынан ешқандай қаржылай табыс алмайды. Бұл туралы ресейлік инсайдер Иван Карпов мәлімдеді, деп хабарлаймыз Sports.kz-ке сілтеп. 

Қос қаржылық соққы: Зайнутдиновтің ауысуы бір де бір клубқа пайда әкелмеді
Фото: sport.kz

Оның айтуынша, ЦСКА келісімшарт бойынша Зайнутдиновты қайта сатқан жағдайда пайдадан 15% үлес алуы тиіс болған. Алайда «Бешікташ» ойыншыны ЦСКА-дан 2023 жылы 5 миллион еуроға сатып алғанымен, «Динамодағы» қазіргі трансфер сомасы тек 2,8 миллион еуроны (бонуспен қоса есептегенде) құрайды. Яғни түркиялық клуб 2,2 миллион еуроға шығынға ұшырап отыр.

Сәйкесінше, Зайнутдиновтің жаңа трансферінен түсетін табыстың барлығы «Бешікташтың» өзінде қалады.

Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА сапында ойнап жүргенде, командамен бірге 2022/2023 жылғы маусымда Ресей Кубогын жеңіп алған. Бүгін мәскеулік «Динамо» оның «Бешікташтан» ресми түрде өткенін хабарлады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→