weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
27 қазан, 2025 / Аман ШАМАР / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бітімгершілік миссиялар: жаһандық бейбітшілік жолында

Бітімгершілік миссиялар: жаһандық бейбітшілік жолында

Бітімгершілік миссиялар: жаһандық бейбітшілік жолында
Фото: Фото: t.me/modgovkz

Қазақстанның бейбітшілікке бағытталған ұстанымдары тек сөз жүзінде емес, нақты істер арқылы дәлелденіп келеді. Ел тарихында алғаш рет бітімгершілік миссияларға қатысқан қазақстандық әскери контингент БҰҰ шеңберінде өз міндетін жоғары деңгейде атқарды.

 «Қазақстанның Қарулы күштері тек ел шекарасын қорғаушы ғана емес, халықаралық бейбітшіліктің сақшысы. Біздің сарбаздар Ливанда, Батыс Сахарада және басқа да өңірлерде өз ерлігі мен кәсіби шеберлігін көрсетті. Бұл – елдің бейбітшіл ұстанымының айқын дәлелі», – дейді Қарулы күштер саласының ардагері Асқар Шманов.

Бітімгершілік қызмет – жаһандық тұрақтылықтың кепілі. Қазақстан әлемдік деңгейдегі бейбітшілік диалогының орталығы ретінде танылып отыр. Астанада өткен Сирия келіссөздері, ядролық қарудан азат аймақ құру бастамалары – соның айғағы.

Бұл бағыттағы саясат еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттырып қана қоймай, жастар арасында да отансүйгіштік пен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→