Астана карантинге жабылды: қалада ОРВИ мен тұмау өршуіне байланысты жаңа шектеулер енгізілді
19 қарашада Астананың бас санитар дәрігері қалада күшейтілген санитарлық-эпидемиялық шараларды енгізу туралы қаулыға қол қойды. Бұған ОРВИ мен тұмау бойынша аурушаңдықтың күрт өсуі себеп болды.
Соңғы бір аптада елордада 23 мыңнан астам жағдай тіркелді, олардың 60 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар.
Қабылданған шаралар:
Медициналық ұйымдардың жұмысын күшейту: науқастарды оқшаулау, қабылдау бөлмелерін кеңейту, маска режимін сақтау, дене қызуын бақылау, вирусқа қарсы препараттардың жеткілікті қорын қамтамасыз ету.
Мектептерді қашықтан оқытуға көшіру: сыныптың 30%-дан астамы ауырса, 20 қарашадан 5 желтоқсанға дейін онлайн форматқа өтеді. Балалар мен қызметкерлер үшін күнделікті «таңғы фильтр» енгізіледі.
Массалық іс-шараларға шектеу қою.
Сонымен қатар, гонконг тұмауының таралуы мен ОРВИ белгілері бар науқастар санының көбеюі ел тұрғындарын алаңдатты. Соңғы күндері дәріханаларда «Осельтамивир», «Осевир», «Флувир», «Эргоферон», «Анаферон» және «Ингавирин» препараттары жаппай сатып алынғаны байқалды.