​3 жастағы бала өлген анасының қасында нан қалдығымен қоректеніп аман қалған

06 Қыркүйек, 2018 2621 0

28 жастағы Эйми Луиза Эванс өз-өзіне қол салғаннан кейін оның үш жастағы қызы төрт күн бойы ас үйдегі нан қалдығы мен майды жеп аман қалған.

Әбден ашыққан баланы құқық қорғаушылар тауып алған. Жас келіншек өз-өзіне қол салмас бұрын анасына хабарласып, «бәріне нүкте қойғысы келетінін» айтқан. Анасы оның сөзіне мән бермей «Ақымақ болма» деумен шектелген. Кейін бірнеше күн бойы қызына хабарласа алмаған анасы полицияға хабарласқан. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары әбден ашыққан қызды тауып алған. Ал келіншектің екінші баласы әкесінде болған. Келіншек ішімдікті жиі тұтынған. Өзіне қол салатын күні де мас болған.
 
Дереккөз: https://life.ru

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.