Жаңалықтар

Енді жалған диплом жасау мүмкін емес. Минстр мәлімдеме жасады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында дипломдардың түпнұсқалығына қатысты маңызды жаңалықты жариялады. Оның айтуынша, азаматтардан көптеп түскен өтініштер мен алаңдаушылықтарға байланысты дипломдарды растау жүйесі толықтай реттелген.

Министрліктің мәліметінше, 1991 жылдан бері берілген барлық дипломдарды қамтитын бірыңғай деректер базасы әзірленіп, іске қосылған. Бұл заңсыз құжат айналымының алдын алуға бағытталған жүйелі қадам ретінде бағаланып отыр.

Сонымен қатар:

  • дипломдардың мазмұнына қойылатын бірегей стандарттар бекітілді;
  • әр диплом бірегей нөмір және QR-код арқылы рәсімделеді;
  • жүйеге қолжетімділік тек жоғары оқу орындарының ресми жауапты тұлғаларына беріледі.

Министр бұл өзгерістердің мәнін былай түсіндірді:

  • дипломды қолдан жасауға жол берілмейді;
  • жұмыс берушілер құжаттың түпнұсқалығын тез әрі оңай тексере алады;
  • адал оқыған түлектердің еңбегі қорғалады.

«Білім – қоғамдағы сенімнің негізі. Еліміздегі әрбір дипломның нақты құндылығы мен заңды күші болуы – біздің басты міндетіміз», – деді Саясат Нұрбек.