Тоқаев Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
- Қайрат Әбдірахманов Чехиядағы Қазақстанның елшісі болып тағайындалды. Ол Нидерландыдағы елші және Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы (ХҚТҰ) жанындағы тұрақты өкіл қызметінен босатылды.
- Ақан Рахметуллин Нидерландыдағы елші және (ХҚТҰ) жанындағы тұрақты өкіл болып тағайындалды.
- Роман Василенко қазіргі таңда Бельгия, ЕО және НАТО жанындағы елші қызметін атқарып отыр. Енді ол Люксембургтегі елші қызметін де қоса атқаратын болады.
- Бұдан бөлек, Бақыт Дүйсенбаев Чехиядағы елші қызметінен босатылды.