2026 жылы күнкөріс деңгейі, зейнетақы, АЕК қанша болады?
Қазақстан президенті 2025 жылғы 8 желтоқсанда «2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына қол қойды. Оған сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап мынадай мөлшерлер белгіленді:
Ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге (2025 жылы – 85 000 теңге);
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге (2025 жылы – 3 932 теңге);
Ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 35 596 теңге (2025 жылы – 32 360 теңге);
Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге (2025 жылы – 62 771 теңге);
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін қажетті күнкөріс деңгейінің шамасы – 50 851 теңге (2025 жылы – 46 228 теңге).
Заңда жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат олардың мөлшерін 10% арттыруды ескере отырып көзделгені белгіленді.
Сондай-ақ, мемлекеттің МӘМС-ке (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) төлейтін жарналарының мөлшері мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінің 2%-ы мөлшерінде белгіленді.