«Іштерің толып қалыпты»: Тұрсынбектің екінші әйелі ортаға шықты
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары әлеуметтік желіде онымен бірге түскен фотосуретті жариялады.
Жарияланған кадрда оның жанында Тұрсынбектің тұрғаны анық байқалады. Айман есімді келіншек бұл жазбасында кешкі уақытта көпшілікті мазалап жүрген сұрақтарға жауап беретінін де мәлімдеді.
«Ассалаумағалейкүм! Кешке сұрақ-жауап форматында сөйлесеміз бе? Сұрақ көп түсіп жатыр. Бүгін тек үш сұраққа ғана жауап беремін. Көңілде жиналып қалғаны байқалады», — деп жазды ол.
«Ақыры қысылмай жариялайтын болды», «Бәрі біртіндеп ашылып жатқан сияқты», «Жиі көріне бастады», «Басы жарылғанда қасында неге болмадыңыз?», «Отырып шай ішіп, әңгіме тарқатайық», «Қызы Тұрсынбектің үшінші қызынан айнымайды екен» деген сынды пікірлер қалдырды оқырмандар.