Аймақтар

Бүгін Атырау мектептері толықтай қашықтан оқиды

Атырау қаласында ауа райының күрт нашарлауына байланысты барлық мектеп қашықтан оқыту форматына көшті. Бұл туралы қала білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүсекенова мәлімдеді.

Оның айтуынша, аталған шешім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. 15 желтоқсан күні қаладағы 69 мектеп бір күн бойы онлайн режимде сабақ өткізеді.

Тұрғындардың сөзінше, ауа райының қолайсыздығы салдарынан қала ішінде қатынау қиындап, жедел жәрдем көліктерінің жүруіне де кедергі келіп жатыр.

Қазіргі таңда жағдайды бақылау үшін әкімдік жанынан жедел штаб құрылды.