weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
20 желтоқсан, 2025 / Арайна Арайқызы / Шоубиз
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тұрсын Алагөзов игі бастамасын жариялады

Танымал кәсіпкер, Тұрсынғали Алагөзов, GALANZ Bottlers компаниясының негізін қалаушы, әлеуметтік жауапкершілікті басты қағида еткен жаңа бастамасын көпшілікке таныстырды.

Тұрсын Алагөзов игі бастамасын жариялады

Кәсіпкер компания қызметкерлерінің 65 жастан асқан ата-аналарына тұрақты қаржылай қолдау көрсету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл жөнінде ол жаңа жылға арналған корпоративтік жиында айтып, ұжыммен бірге жыл қорытындысын жасап, алдағы мерекелермен құттықтады.

Алагөзовтің айтуынша, кез келген табысты ұжымның қалыптасуына қызметкерлермен қатар, оларды тәрбиелеп, өмірге бағыт берген ата-аналардың да үлесі зор. Сол себепті компания әрбір ата-ананы айрықша құрметтейді.

Жаңа бастама аясында жасы 65-тен асқан әрбір ата-анаға ай сайын компания есебінен 50 мың теңге көлемінде қаржылай төлем жасалмақ. Кәсіпкер бұл қадамды аға буынға деген алғыс пен ризашылықтың нақты көрінісі деп атап өтті.

Аталған шешім қоғам тарапынан әлеуметтік қолдаудың тың үлгісі ретінде бағаланып, кәсіпкердің азаматтық ұстанымын айқындай түсті. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→