Жаңалықтар

Түркістанда қызды зорлаған мектеп оқушысы 10 жылға сотталды

Қылмыс жазда Кошқарата ауылында болған. Тергеу деректері бойынша, 14 жастағы жасөспірім бірінші сынып оқушысын алдап, көпір астына алып кетіп, зорлық-зомбылық көрсеткен.

Жәбірленушінің туыстары полицияға арызданғаннан кейін күдікті ұсталды. Медициналық сараптама зорлық-зомбылық фактісін растады.

Сотта айыпталушы кінәсін мойындамады, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді. Сондай-ақ онан 8 млн теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді.

Сот шешімі заң күшіне енген жоқ.