Sportroom

«Іс қатаң түрде қаралады»: Әлімханұлы тағы дауға ілікті

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлына қатысты іс бойынша тәртіптік тыңдаудың уақыты белгілі болғанын мәлімдеді.

Ресми дерекке сүйенсек, тыңдау 2026 жылғы 19 қаңтарға жоспарланған. Оның нақты уақыты мен өтетін орны кейінірек хабарланатын болады.

Федерация президенті Рахымжан Ерденбековтің айтуынша, іс қолданыстағы барлық регламенттерге, процестік әділдік талаптарына, кінәсіздік презумпциясына және халықаралық антидопингтік стандарттарға сәйкес қаралады.

Сондай-ақ ол түпкілікті шешім қабылданғанға дейін бұл мәселе бойынша қандай да бір жария қорытынды жасауға болмайтынын ерекше атап өтті.