Елорда

Астанада 0-9 сынып оқушылары онлайн оқуға көшті

Қолайсыз ауа райына байланысты Астанада 0–9 сынып оқушыларының бірінші ауысымы қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Бұл шешім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. 14 қаңтар 2026 жылы даярлық сыныптар мен 1–9 сыныптарда оқитын, бірінші ауысымдағы балалар сабақтарын дистанциялық режимдеоқиды.

Қала билігі ата-аналар мен оқушыларды ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.