Жаңалықтар

Ирандағы антиүкіметтік наразылықтарда кемінде 5 мың адам қаза тапты

Иранда 2025 жылдың соңынан бері жалғасып келе жатқан антиүкіметтік наразылықтар кезінде кемінде 5 мың адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті шенеунік Reuters агенттігіне мәлімдеді.

Ресми деректерге сәйкес, қаза болғандардың шамамен 500-і қауіпсіздік күштерінің өкілдері. Билік өкілі қарулы қақтығыстарды «терактілер мен қарулы топтардың әрекеті» деп сипаттап, күштік құрылымдардың қатаң шараларын осыған байланысты түсіндірген.

Наразылықтар 28 желтоқсанда басталып, бастапқыда әлеуметтік-экономикалық талаптармен шыққан шерулер кейін антивласттық сипат алған. Сарапшылар бұл жағдайды Ирандағы 1979 жылғы Ислам революциясынан бергі ең қанды кезеңдердің бірі деп бағалап отыр.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен тәуелсіз дереккөздер қаза тапқандар мен қамауға алынғандар саны бойынша әртүрлі мәліметтер жариялауда. Алайда елдегі интернеттің шектелуі мен ақпаратқа қолжетімділіктің қиындығы нақты деректерді анықтауға кедергі келтіріп отыр.