Шымкенттің қақ ортасында төбелесіп, адам өлтіргендер ұсталды
Кеше Шымкент қаласында Еримбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында үш автокөліктің жолаушылары мен жүргізушілері арасында жанжал шыққан. Қақтығыс көп ұзамай жаппай төбелеске ұласқан.
Оқиға пышақ жарақаттарымен аяқталып, 40 жастағы ер адам көз жұмды. Тағы бір ер адам ауруханаға жеткізілді.
Полицияның хабарлауынша, төбелеске қатысқан төрт адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған күдіктілерді — бұзақылық пен адам өлтіру деректері бойынша — іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша үш баппен қылмыстық іс қозғалды: бұзақылық, кісі өлтіру және адам ұрлау деректері бойынша.