Жаңалықтар

Шымкентте анасы балаларын үтікпен күйдірген: сұмдық деректер жария болды

Шымкентте әлеуметтік желіде тараған бейнежазба жұртты шошытты. Видеода әртүрлі жастағы балалардың денесінде күйік пен көптеген жарақат бары анық көрінеді.

Кәмелетке толмағандар 29 жастағы анасынан мектепке бармай қойған 9 және 11 жастағы екі баланың жағдайына алаңдаған мұғалімдердің дабыл қағуынан кейін алынды.

Балалардың әжесінің айтуынша, үйде жүйелі түрде зорлық-зомбылық болған: балаларды ұрып-соққан, үтікпен күйдірген, темір заттармен және сыммен сабаған. Сондай-ақ суық сумен қатыгез жаза қолданылғаны айтылады. Түнде балалар жылап, азаптауды тоқтатуды өтінген.

Шымкент қалалық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Балалар қауіпсіз жерде, оларға медициналық және әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр.