Жаңалықтар

Кентауда ер адам екі өгей қызын жылдар бойы зорлап келген

Түркістан облысының Кентау қаласында екі өгей қызын зорлады деген күдікпен 45 жастағы ер адам ұсталды. Полицияға арыз 2025 жылдың желтоқсан айында түскен.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті қыздарға көп жыл бойы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен. Қылмыс басталған кезде олардың жасы алты және сегізде болған.

Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Күдікті – уақытша ұстау изоляторында. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаменті.