Қаза тапқандар бар: Тасжолда әскери техника мен көлік соқтығысты
Ақтөбе – Орал бағытындағы республикалық маңызы бар тасжолда әскери техника қатысқан ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді. Әлеуметтік желілерде апат орнынан түсірілген, көліктің өртенген сәті бейнеленген видео тарады. Кейін ақпаратты полиция ресми түрде растады.
Қызылорда облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апатына «Урал» маркалы көлік пен Audi автокөлігі соқтығысқан. Апат салдарынан бір адам көз жұмды.
Алдын ала болжам бойынша, Audi жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция өкілдері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және тасжолдарда аса мұқият болуға шақырды.