weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тамақтан жәндіктер табылған: Қарағанды облыстық ауруханасында тексеру басталды

Қарағанды облыстық ауруханасында пациенттерге берілген ас ішінен жәндік табылғаны туралы ақпараттан кейін ресми тексеру басталды.

Тамақтан жәндіктер табылған: Қарағанды облыстық ауруханасында тексеру басталды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Оқиға 10 ақпанда Қарағанды облыстық ауруханасында тіркелген. Медициналық мекемеге тамақ жеткізетін «Маир Групп» компаниясына қатысты шағым түскен соң, аурухана басшылығы шұғыл шара қабылдаған.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол күнгі дайындалған тәуліктік ас мәзірі толығымен ауыстырылып, пациенттерге жаңа тағам ұсынылған.

Сонымен қатар жеткізуші компанияға қатысты шағым санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарына жолданды. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→