Жаңалықтар

Екі жылдық тозақ: қарумен қорқытып, зорлықта ұстаған әйел қашып құтылды

Испанияда екі жыл бойы сексуалдық құлдықта болған 38 жастағы марокколық әйел ақыры тұтқыннан қашып шықты. Ол азаптаушысы ұйықтап жатқан сәтті пайдаланып, бостандыққа жеткен.

Оқиға Мурсия қаласында болған. Әйелді бірнеше жыл бойы аяусыз соққыға жығып, зорлаған. Оның жоғалғаны туралы туыстары 2024 жылдың сәуірінде хабарлағанымен, полиция бастапқыда «өз еркімен кетіп қалған» деп болжаған. Алайда бұл қате болжам болып шықты.

Жәбірленуші 2026 жылдың 10 ақпанында қашып шығып, ауруханаға жеткен. Дәрігерлер оған шұғыл көмек көрсетіп, полиция шақырған. Тергеу нәтижесінде басты күдіктіге гендерлік зорлық-зомбылық және заңсыз бостандықтан айыру баптары бойынша айып тағылды.

Арнайы жасақ операция барысында тек негізгі күдіктіні ғана емес, оның үш көршісін де қамауға алды. Күдіктінің үйінен пышақтар, атыс қаруы және есірткі табылған. Оқиға туралы алғаш ABC хабарлаған.