weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

БҚО-да кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсеткен: күдікті ұсталды

Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті — 57 жаста. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

БҚО-да кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсеткен: күдікті ұсталды

Оқиға Батыс Қазақстан облысының Чингирлау ауданында қаңтар айында болған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы («Кәмелетке толмағанды зорлау») бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Қазіргі уақытта іс Чингирлау аудандық полиция бөлімінің өндірісінде. Тергеу барысына қатысты мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін шешіледі.

Кейін полицияға 16 жастағы қыздың анасы арыз түсіргені хабарланды. Тергеу барысында хат алмасулар мен өзге де маңызды деректер анықталған. Сонымен қатар полиция өкілдерінің мәліметінше, қазіргі таңда арызданушы мен оның қызы оқиғаның зорлық сипатта болмағанын айтып, өзара келісім болғанын алға тартқан.

Соған қарамастан тергеу жалғасып жатыр. Іс департамент басшылығының бақылауында.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→