22 ақпандағы қарлы боран мен екпінді жел Ақмола облысындағы тасжолдарда ахуалды күрт ушықтырды. Салдарынан шамамен 2400 көлік жолда жиналып қалған.
Келесі күні патрульдік экипаждар қозғалысты реттеп, ең қауіпті бағыттарда көліктерді кезең-кезеңімен сүйемелдеп өткізді. Бір тәулікте 1940 жеңіл және 460 жүк көлігі қауіпсіз аймақтарға жеткізілген.
Облыстық Полиция департаменті жүргізушілердің уақытша шектеулерге түсіністікпен қарағанын атап өтті. Тәртіп сақшылары ауа райы тұрақталғанша алыс сапардан бас тартып, жолға шығарда жағдайды мұқият ескеруге кеңес береді.