SHYNDYK.KZ мәліметінше, 7 ақпанда олар танысымен бірге ішімдік ішкен. Отырыс барысында ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқан. Әйел азаматқа теледидар пультімен бірнеше рет басынан соққы жасаған.
Келесі күні жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, 10 күннен кейін ауыр бас-ми жарақатынан қайтыс болды.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті аталған факт бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда өлімге әкеп соқтыру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.