Иранда қанша қазақстандық бар?
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріндегі күрделі саяси жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, қазақстандықтарға қатысты ақпарат берді.,– деп хабарлайды newsroom.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, қазіргі уақытта Иран аумағында Қазақстан Республикасының 96 азаматы бар.
18 азамат – дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, екеуі – студент, 70 адам «Заркух» зауытында еңбек етуде. Ал алты қазақстандық Иранда жеке шаруаларымен жүр.
Министрлік пен Қазақстанның шетелдегі мекемелері азаматтарымызбен тұрақты байланыста. Қазіргі уақытта қазақстандықтар арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.