Дубай әуежайлары белгісіз мерзімге жабылды
Dubai International Airport (DXB) және Al Maktoum International Airport (DWC) Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты белгісіз мерзімге жұмысын тоқтатты,– деп хабарлайды newsroom.kz
Dubai Airports компаниясының мәліметінше, барлық рейс қосымша хабарламаға дейін уақытша тоқтатылған.
«Жолаушыларға әуежайға келмеу ұсынылады. Рейстер туралы өзекті ақпаратты әуе компанияларынан нақтылау қажет», - делінген ресми хабарламада.