Алтынбек Қоразбаев: Референдум – ел болашағы үшін маңызды тарихи сәт
Белгілі композитор, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев алдағы референдумға қатысудың маңыздылығын атап өтті,– деп хабарлайды newsroom.kz
Өнер иесі бұл саяси науқанның ел тарихындағы ерекше кезең екенін айтып, барша қазақстандықтарды 15 наурыз күні референдумға қатысуға шақырды.
«Барша өнер адамдарының атынан қазақстандықтарды 15 наурыз күні референдумға қатысуға шақырамын. Бұл – тарихи сәт. Сондықтан әр адам бұл маңызды шарадан қалыс қалмай, өз таңдауын жасап, референдумға баруы қажет. Сонда жолығайық», – деді Алтынбек Қоразбаев.
Композитордың айтуынша, ел тағдырына бейжай қарамай, ортақ шешім қабылдауға атсалысу – әр азаматтың жауапкершілігі.