Жаңалықтар

Трамп: «Иранның жаңа көшбасшысын өзім таңдаймын»

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның болашақ жоғарғы көшбасшысын іріктеуді жеке бақылауға алатынын мәлімдеді.

Бұл туралы ол Axios басылымына берген сұхбатында айтты. Трамптың сөзінше, Вашингтон Тегерандағы билік транзитіне белсенді ықпал етуге ниетті.

«Мен Иранның келесі көшбасшысын таңдауды жеке бақылауға аламын», – деді АҚШ президенті.

Трамп бұл жоспарын Венесуэлада болған соңғы саяси оқиғалармен салыстырды. Оның айтуынша, билік ауысу процестері сыртқы ықпал арқылы да жүзеге асуы мүмкін.

Сарапшылар бұл мәлімдемені өте сирек айтылатын әрі халықаралық саясатта резонанс тудыруы мүмкін пікір ретінде бағалап отыр.

Еске салайық, соңғы уақытта Иран төңірегіндегі саяси жағдай күрт шиеленісіп, аймақтағы геосаяси ахуал күрделі күйде қалып отыр.