Бразилияда ұшақ мейрамхана үстіне құлап, адам шығыны тіркелді
Бразилияның оңтүстігінде жеңіл моторлы ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай аэродром маңындағы мейрамхананың шатырына құлаған,— деп хабарлайды newsroom.kz
Бақылау камерасына апат сәті түсіп қалған.
Ұшақ Капао-да-Каноа қаласынан ұшып шығып, Сан-Паулу бағытына бет алған. Бортта төрт адам болған: кәсіпкер жұп — Дебора Беланда Ортолани мен Луис Ортолани, сондай-ақ ұшқыштар Нелио Пессанья мен Ренан Эдуардо. Олардың барлығы қаза тапты. Мәйіттер үйінді астынан шығарылып, сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Жердегі зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі келіп, апат салдарынан тұтанған өртті сөндіруге кірісті. Кейін әскери полиция жетіп, аумақты қоршауды кеңейтіп, жергілікті тұрғындарды эвакуациялады.