weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Өңдеу өнеркәсібі – жаңа индустриялық саясаттың өзегі

Қазақстанда өңдеу секторын дамыту экономикалық саясаттың негізгі басым бағытына айналып отыр. Бұл қадам елдің шикізатқа тәуелділігін азайтып, тұрақты әрі әртараптандырылған экономика қалыптастыруға бағытталған.

Өңдеу өнеркәсібі – жаңа индустриялық саясаттың өзегі
фото: ашық дереккөз

Соңғы жылдары мемлекет өндірістік әлеуетті күшейтуге және жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге ерекше назар аударып келеді. Өйткені өңдеу өнеркәсібін дамыту – экономиканы ұзақ мерзімді тұрғыда тұрақтандырудың маңызды тетігі.

Ресми деректерге сәйкес, бүгінде өңдеу секторының жалпы ішкі өнімдегі үлесі шамамен 13–14 пайызды құрайды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша саладағы өндіріс көлемі 23 триллион теңгеден асып, онда 600 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Әсіресе машина жасау, металлургия және азық-түлік өндірісі қарқынды өсім көрсеткен бағыттардың қатарында.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа өнеркәсіптік саясат тек өндіріс көлемін арттырумен шектелмеуі тиіс. Негізгі басымдық технологиялық жаңарту мен экспортқа бағытталған кәсіпорындарды дамытуға берілуі қажет. Бұл өз кезегінде елдің индустриялық әлеуетін күшейтіп, сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Практикада мұндай өзгерістердің нақты нәтижелері де байқалып отыр. Мәселен, Қостанай өңірінде автомобиль жасау саласы қарқынды дамып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды. Бұл мыңдаған жұмыс орнын құрып қана қоймай, отандық құрам үлесінің артуына жол ашты.

Сондай-ақ Павлодардағы алюминий және машина жасау кәсіпорындары шикізатты терең өңдеуге көшіп, дайын өнім шығаруды жолға қойған. Бұл ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беріп отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→