weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда қуаты 1,8 ГВт болатын төрт «жасыл» электр стансасы салынады

Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы келісім аясында елде төрт ірі «жасыл» электр стансасын салу жоспарланып отыр. Бұл жобалар энергетиканы экологиялық тұрғыда дамытуға және инвестиция тартуға бағытталған.

Қазақстанда қуаты 1,8 ГВт болатын төрт «жасыл» электр стансасы салынады
фото: ашық дереккөз

Мәжіліс Баку қаласында 2024 жылғы 12 қарашада қол қойылған Қазақстан–Қытай келісімін ратификациялады. Құжат екі елдің жаңартылатын энергия көздері мен тұрақты даму бағытындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруын көздейді.

Келісімге сәйкес, Қазақстан аумағында жалпы қуаты 1,5 ГВт болатын үш жел электр стансасы және 0,3 ГВт қуаттағы бір күн электр стансасы салынады. Жобалар Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарында іске асырылады.

Аталған бастамалар экономикалық тұрғыдан да маңызды нәтиже береді. Жобаларды жүзеге асыру барысында 1500-ге жуық уақытша жұмыс орны құрылып, пайдалануға берілгеннен кейін 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, бұл жобаларға 2 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тарту көзделіп отыр.

Жаңа стансалар жыл сайын 5,7 млрд кВт/сағаттан астам «жасыл» электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Жобаларды іске асыруға қазақстандық тараптан «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы қатысады.

Жалпы алғанда, бұл бастамалар еліміздегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттырып, 2030 жылға қарай 15 пайыздық көрсеткішке қол жеткізуге және Қазақстанның көміртекті бейтараптық мақсатына жетуіне елеулі үлес қоспақ.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→