Жаңалықтар

«ҚазАгроҚаржы» 2026 жылы агротехникаға 310 млрд теңге бөлмек

2026 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту және өтінімдерді автоматтандыру арқылы АӨК-ті қолдауға бағытталған басты шараларын жүзеге асырады.

«Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі құрамына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2026 жылға арналған стратегиялық мақсаттарын бекітті. Компанияның басты басымдықтары – агротехника паркін кең көлемде жаңарту, өтінімдерді толық автоматтандыру және жоғары табыстылықты сақтау.

2026 жылға арналған негізгі көрсеткіштер:

            •           Ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыру көлемі кемінде 310 млрд теңгені құрайды;

            •           Фермерлерге 12 950-ден астам заманауи ауыл шаруашылығы және арнайы техника беру жоспарланған;

            •           Өтінімдерді қарау жүйесін автоматтандыру компанияның басты технологиялық мақсаты ретінде белгіленген.

Сапа саласындағы жаңа саясат «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ты Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жаңғыртудағы негізгі серіктес ретіндегі миссиясын айқындайды. Сонымен қатар, 2026 жылға арналған стратегия:

            •           ESG принциптері негізінде негізгі процестерді орнықты дамыту;

            •           Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін жетілдіру;

            •           Тұтынушылық сұранысқа бейімделу және өнім берушілермен тиімді коммуникация орнату.

Осы шаралар фермерлердің заманауи техникаға қол жеткізуін қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға және сектордың тұрақты дамуына мүмкіндік береді.