20 жыл бұрын термометр жұтқан: Қытайда ер адамның ішінен термометр табылды
Қытайда 32 жастағы ер адам ішінің ауыруына шағымданып ауруханаға жүгінген кезде, дәрігерлер оның жағдайының себебіне таңғалды,— деп хабарлайды newsroom.kz
Тексеру барысында он екі елі ішектен бөгде зат — сынапты термометр табылды. Бұл термометрді ол 20 жыл бұрын жұтып қойған екен.
Термометрдің ұшы ішек қабырғасына тікелей қысым жасап тұрғандықтан, ішектің тесіліп кетуі және ауыр ішкі қан кету қаупі жоғары болған.
Кейін науқас 12 жасында абайсызда термометрді жұтып қойғанын, бірақ қорыққандықтан бұл туралы ата-анасына айтпағанын түсіндірген.