Биыл Қазақстанның мұнай экспорты 76 млн тоннаға жетуі мүмкін
Қазақстан 2026 жылы 76 млн тоннаға дейін мұнай экспорттауы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz
Министрдің айтуынша, «2026 жылдың үш айында мұнай экспорты 15,3 млн тонна болып, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78,5 пайызды құрады. 2026 жылға арналған болжам – 76 млн тонна».
Сондай-ақ ол 2026 жылдың басынан бері мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 19,7 млн тоннаны құрағанын атап өтті.
Министрдің айтуынша, Қарашығанақ кен орнында шикі газды кері айдау бойынша 6-компрессорды іске қосу жұмыстары жалғасуда. Бұл мұнай өндіру көлемін жылына 10–11 млн тонна деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Айта кетелік, ірі жер қойнауын пайдаланушылармен мұнай өндіруді арттыру шаралары бойынша келіссөздер жүргізілуде.