Иранмен қақтығыс: АҚШ әскеріндегі ауыр шығындар жарияланды
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жүргізген операциясы барысында шамамен 400 американдық әскери қызметші жарақат алған. Бұл туралы АҚШ Орталық қолбасшылығының өкілі Тим Хокинс мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz
«АҚШ-тың шамамен 400 әскери қызметшісі жарақат алды. Олардың ішінде үшеуі ауыр жарақат алған, 354-і қызметке қайта оралды. 14 адам қаза тапты: олардың жетеуі ұрыс қимылдары барысында, алтауы Кувейттегі ирандық соққы нәтижесінде, тағы біреуі Сауд Арабиясында алған жарақаттарынан қайтыс болды», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Иранда АҚШ пен Израильдің соққылары салдарынан 278 оқушы мен 67 мұғалім қаза тапқаны мәлімденген еді.