Қазақстандық блогер Instagram басшысымен және әлем жұлдыздарымен кездесті
Қазақстандық видеограф әрі тревел-блогер Дастан Мухамедрахим Threads халықаралық форумына қатысып, әлемдік жұлдыздармен және Instagram басшысымен жүздесті.
Дастан Мухамедрахим бұған дейін WIBA Awards 2026 нұсқасы бойынша өз санатында үздік атанған. Ол Threads әлеуметтік желісінің халықаралық форумына арнайы қонақ ретінде шақырылған.
Блогердің айтуынша, шараға әлемнің танымал тұлғалары мен контент жасаушылары жиналған.

Форум аясында Instagram бас директоры Адам Моссери-мен кездесу өтті. Қатысушылар әлеуметтік желілердің дамуы мен жаңа трендтерді талқылады.
Сондай-ақ, іс-шараға әйгілі америкалық актриса Zendaya да қатысқан. Блогер бұл сапардың өзі үшін маңызды тәжірибе болғанын атап өтті.