Жаңалықтар

Жапонияда магнитудасы 6 балдық жер сілкінісі болды

Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо префектурасында магнитудасы 6 балдық жер сілкінісі тіркелді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Орталықтың дерегіне сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі 173 000-ға жуық халқы бар Обихиро қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 79 шақырым тереңдікте болған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі жарияланған жоқ.