Қарағанды облысында әкімдік 1 млн теңгеден асатын iPhone сатып алды
Қарағанды облысында әкімдік мемлекеттік сатып алу арқылы құны 1 миллион теңгеден асатын iPhone сатып алған, —деп хабарлайды newsroom.kz
«Тапсырыс беруші – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ; атауы – ұялы байланыс телефоны; қосымша сипаттамасы – Apple iPhone 16 Pro Max смартфоны (…); бірлік бағасы – 1 070 689,66 теңге; лот мәртебесі – сатып алу өтті», – делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасында.
Өтінімдер 10–14 сәуір аралығында қабылданған, ал жеңімпаз болып жеке кәсіпкер Тулигенов танылған.