Жаңалықтар

Түркістан облысында шахматтан дүбірлі дода өтті

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында ауыл балаларының шахматқа қызығушылығын арттыру мақсатында облыстық турнир ұйымдастырылды,— деп хабарлайды newsroom.kz

Ел тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай және ұлағатты ұстаз Жәділ Қожамұратұлын еске алуға арналған дәстүрлі жарысқа өңірдің барлық аудан қаласынан және Жамбыл облысынан 100-ге тарта бала қатысты.

Олардың арасында облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы , Азия чемпионаты жүлделі орындарға іліккен өрендерде бар. Аталмыш сайыс мектеп оқушылары арасында дарынды шахматшылардың басын қосатын маңызды зияткерлік додаға айналды.

Облысымыздың түкпір-түкпірінен талантты балалар келіп жатыр. Жергілік жас өрендер үздік ойындарымен көзге түсуде. Кешегі өткен Жасыл Қазақстан чемпионаты турнирінде 3-орында иеленіп, тарихи жетістікке қол жеткізді.