weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 14:36 / Перизат Ілес / Дін
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

2026 жыл: Рамазан айы қашан басталады?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылға арналған діни күнтізбені бекітті,— деп хабарлайды newsroom.kz

2026 жыл: Рамазан айы қашан басталады?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) алдағы 2026 жылға арналған діни мерекелер мен маңызды күндердің ресми кестесін жариялады.

Бекітілген күнтізбеге сәйкес:

• Қасиетті Рамазан айы 2026 жылдың 19 ақпанында басталады;

• Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні атап өтіледі;

• Ораза айт мерекесі 20 наурызға белгіленген;

2026 жылы Құрбан айттың алғашқы күні 27 мамырға сәйкес келіп, 29 мамырға дейін жалғасады.

Айта кету керек, ҚМДБ күнтізбесіндегі хижри айлардың басталу күндері кездейсоқ анықталмайды. Олар халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректері мен есептеулеріне негізделеді. Бұл діни күндердің дәл әрі үйлесімді белгіленуін қамтамасыз етеді.

Рамазан — ораза ұстап, рухани тазару, қайырымдылық жасау және иманды күшейту айы. Қадір түні — ең қасиетті түндердің бірі. Ал Ораза айт пен Құрбан айт — адамдарды, отбасылар мен қауымдастықтарды біріктіретін маңызды мерекелер. Бұл күндері дастарқан жайылып, бір-біріне сыйлықтар беріледі.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→