Жаңалықтар

Пәтер жалдау арзандады: ең тиімді қалалар белгілі болды

Жыл басынан бері жалдау бағасы 18 қаланың 12-сінде төмендеген,— деп хабарлайды newsroom.kz

Жалдау қай қалаларда арзандады
Соңғы төрт айда ең үлкен төмендеу (5% және одан көп) Алматы, Көкшетау және Қостанай қалаларында тіркелді.

Шамамен 2–4% аралығында баға Астана, Шымкент, Тараз, Орал және Семей қалаларында арзандаған.

Қай қалаларда баға өсті
Үш қалада пәтер жалдау қымбаттаған:

• Түркістан (+4,1%);

•  Петропавл (+2,9%);

•  Қарағанды (+2,2%).

Ал Ақтөбе, Атырау және Түркістан қалаларында жалдау ақысы жыл басынан бері өзгеріссіз қалған.

Орташа жалдау бағасы
Есептеулерде медиандық көрсеткіш қолданылған.

27 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстандағы орташа жалдау бағасы — 3389 теңге/шаршы метр.

Ең қымбат қалалар:
• Алматы — 5591 тг/ш.м;
• Астана — 5000 тг/ш.м;
• Қостанай — 3852 тг/ш.м.

Ең арзан қалалар:
•  Түркістан және Тараз — 2000 тг/ш.м

Пәтерді тәуліктік жалға алу бағасы:
•  Астана — 15 000 теңге/тәулік;
•  Алматы — 18 000 теңге/тәулік;           •  Қарағанды — 13 000 теңге/тәулік.