weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Парламент «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын қарап, бірінші оқылымда қабылдады. Құжатта Құрылтайдың құрылу тәртібі мен депутаттарының мәртебесі айқындалады.

Парламент «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын талқылады. Заң жобасы бірінші оқылымда қолдау тапты.

Заң жобасын таныстырған Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Құрылтай құрамына 145 депутат кіретінін мәлімдеді. Сонымен қатар олардың өкілеттік мерзімін бес жыл етіп белгілеу ұсынылып отыр.

Жоба аясында Құрылтайдың құқықтық мәртебесі, мемлекеттік жүйедегі орны және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктері қарастырылған. Сондай-ақ Құрылтай депутаттарының құқықтары, міндеттері мен қызметіне берілетін кепілдіктер айқындалады.

Заң жобасы алдағы уақытта депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, Парламентте әрі қарай қаралатын болады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→