Бірыңғай Республикалық ата-аналар конференциясы өтеді

07 Қыркүйек, 2018 1979 0

Алғаш рет бірінші сынып оқушыларының ата-аналары психологтардан бала тәрбиесіне байланысты құнды кеңестер алады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитеті Отбасы тәрбиесі институтымен бірігіп, «ХХI ғасырдың ата-аналары: балаңызға үлгі болыңыз» тақырыбында «БІРЫҢҒАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫН» өткізеді. Шара биылғы жылдың қыркүйек-қазан айларында ұйымдастырылады. 

Конференцияның дәстүрлі жиналыстан ерекшелігі –  жас ұрпақты инновациялық біліммен және отбасылық тәрбиелеу әдістерімен оқытуға бағытталған түрлі тақырыптарды қамтитын жаңа формат. Осыған орай, республикалық ата-аналар конференциясын еліміздің барлық мектептерінде өткізу жоспарланған. Кездесу барысында мынадай тақырыптар қозғалады:

  • «Бірінші сынып оқушылары ата-аналарына психологиялық көмек» - 8 қыркүйек
  • «10-11 сынып оқушылары ата-аналарына психологиялық көмек» - 9 қыркүйек
  • «2-4 сынып оқушылары ата-аналарына психологиялық көмек» - 13 қазан
  • «8-9 сынып оқушылары ата-аналарына психологиялық көмек» - 14 қазан
  • «5-6-7 сыныпта оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек» - 22 қыркүйек

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы конференция  8 қыркүйек күні бірінші сынып оқушылары ата-аналарына арналады. Ал, 10-11 сынып оқушылары ата-аналарына – 9 қыркүйекте.

Өтетін орны мен уақыты: еліміздің барлық мектептерінде сағат 10:00-де.



   Аяжан Махамбетқызы

 

Тегтер: Білімжәнеғылымминистрлігі, ата-ана, мектеп, бала, психолог, кеңес

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.